28 наурыздан бастап "GoldFinMarket” ломбарды” ЖШС-ның KZ2P00013584 (MFLGb9) облигациялары "таза" бағасымен сауда-саттық жасау режіміне көшіріледі

27.03.25 16:20
/KASE, 27.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 28 наурыздан бастап "GoldFinMarket” ломбарды” ЖШС-ның KZ2P00013584 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар” санаты, MFLGb9; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 20.03.25 – 26.03.26; кварталдық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағасымен сауда-саттық жасау режіміне көшіріледі. Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза” бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі. [2025-03-27]