28 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012391 (KFUSb91) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

27.03.25 17:15
/KASE, 28.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 наурызынан бастап "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00012391 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb91; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 20.03.25 – 20.03.27; жылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/KFUSb91 [2025-03-28]