/KASE, 28.03.25, 26.03.25, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2025 жылдың 31 наурызында KASE-нің сауда-саттық жүйесінде
"ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ-тың (Алматы) KZ2C00013266 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb25) облигацияларына төменде
көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру
(Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі - Сатушы) болады.
------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00013266
KASE сауда-саттық коды: MFOKb25
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 7 000 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыс баталған күн: Облигация орналастыру үшін жүргізілген
бірінші сауда-саттық өткізілетін күн
Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек белгіленеді
Өтеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді
Айналыс мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 21,00%
Купон төленетін кезең: ай сайын
Купон төлеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- --------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 31.03.25
Орналастырудың номиналды көлемі, 7 000 000 000
теңге:
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:30–14:30
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 31.03.25, 15:30
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 31.03.25, 15:30
------------------------------------------------------------------------------
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері
арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген
мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/members/membership/all
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша
жарияланған:
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb25">
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb25
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb25">
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb25 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-03-28]