/KASE, 28.03.25/ – 01 сәуірден бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m
индекстерін есептеуге арналған өкілдік тізім Қазақстан Республикасының 62
атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарынан (МБҚ) тұратын болады (тізімге
MUM084_0020, KZKD00001285 және MUM108_0015, KZKD00001277 кіреді).
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес төмендегі индекстерді
есептеп, жариялайды:
1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген
купондық сыйақы есепке алынбаған бағалар бойынша есептелетін,
өтеу мерзімі 31 күн және одан көп болатын МБҚ-ның «таза»
бағаларының баға индексі;
2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күн және одан көп болатын МБҚ-ның
жиынтық кірісінің баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді
ескере отырып);
3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызы түрінде;
4) индекс дюрациясы, жылмен;
5) модификацияланған индекс дюрациясы.
2025 жылғы сәуірге көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2025
жылғы 27 наурызда кешке (осы тізім күшіне енетін күннен үш жұмыс күні
бұрын) МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды.
Өкілдік тізім 2025 жылғы 01 сәуірде мына парақшада жарияланады:
https://kase.kz/ru/stock_market/(KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).
[2025-03-28]