"Teniz Capital Investment Banking" АҚ 20,0 млрд теңгеге "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ облигацияларын орналастырды

31.03.25 10:47
/KASE, 31.03.25/ – “Teniz Capital Investment Banking” АҚ (KASE тикері – TCIB) төмендегіні хабарлады: цитатаның басы 2025 жылғы 7-28 наурыз аралығында "Teniz Capital Investment Banking" АҚ жиынтық көлемі 6 279 050 320 теңгеге "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы” АҚ-тың қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларын (PRKRb7 және PRKRb9 тикерлері) KASE алаңында орналастыруды жүзеге асырды. 2025 жылғы 13 наурыздан бастап аталған құралдар Т+ тізіміне және ОДГУ қоржынына енгізілді. Бұрын 2025 жылғы 7 ақпанда "Teniz Capital Investment Banking" АҚ жиынтық көлемі 14,05 млрд теңгеге "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы” АҚ-тың қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларын орналастырған. Осылайша, 2025 жылғы ақпаннан бастап 2025 жылғы наурызға дейін орналастырудың жиынтық көлемі 20,3 млрд теңгеге жетті. Цитатаның соңы Орыс тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_280325_207.pdf; Ағылшын тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_280325_208.pdf [2025-03-31]