01 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "AgroBusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС-ның KZ2P00010390 (MFABb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

31.03.25 14:41
/KASE, 31.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 01 сәуірден бастап "AgroBusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС-ның KZ2P00010390 (KASE балама алаңы, "облигациялар” санаты, MFABb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.03.25 – 04.03.35; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылғанын хабарлайды Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза” бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFABb1 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-03-31]