/KASE, 31.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 01 сәуірден
бастап “ОнлайнКазФинанс” МҚҰ” АҚ-тың (Алматы) KZ2C00013274 (KASE
балама алаңы, "облигациялар” санаты, MFOKb26; 1 000 теңге, 7,0 млрд
теңге; 3 жыл; ай сайынғы құбылмалы купон, ағымдағы купондық кезеңде
жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылғанын
хабарлайды.
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын
белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза
емес” бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb26 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-03-31]