/KASE, 01.04.25, 28.03.25, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау
әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес 2025 жылғы сәуірге инвестициялық
қорлардың KASE-дегі айналымға шығаруға рұқсат берілген өтімділіктің
бірінші, екінші, үшінші санатындағы акцияларының, депозитарлық
қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімін (бұдан әрі – Бағалы
қағаздар тізімі) жасады.
Бағалы қағаздар тізімдері Индекстер және индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2025 жылғы 26 наурыздағы шешімімен бекітілген және тізімдегі
бағалы қағаздарға KASE-нің ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылған.
2025 жылғы 01-30 сәуір аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
санатындағы бағалы қағаздар тізіміне 65 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілген. 2025 жылғы наурызда қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
санатындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда,
тізімге төмендегілер енгзілген:
1) "First Heartland Jusan Invest” АҚ басқаруындағы "allGA” ИПИҚ-тың
KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары” секторы,
FHJIag) пайлары;
2) Citigroup Inc. компаниясының US1729674242 ("KASE Global” секторы,
C_KZ) жай акциялары;
3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИПИҚ-тың
KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары”
секторы, FHJIds) пайлары;
2025 жылғы наурызда қалыптастырылған өтімділіктің бірінші санатындағы
бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімінен шыққандар:
1) Johnson & Johnson Inc. компаниясының US4781601046 ("KASE Global”
секторы, JNJ_KZ) жай акциялары;
2) NIKE, Inc. компаниясының US6541061031 ("KASE Global” секторы,
NKE_KZ) жай акциялары;
3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИПИҚ-тың
KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары” секторы,
FHJIpc) пайлары;
4) ALPHABET INC. компаниясының US02079K1079 ("KASE Global”
секторы, GOOG_KZ) жай акциялары;
5) Occidental Petroleum Corp. Inc. компаниясының US6745991058 ("KASE
Global” секторы, OXY_KZ) жай акциялары;
6) Starbucks Corporation Inc. компаниясының US8552441094 ("KASE
Global” секторы, SBUX_KZ) жай акциялары;
7) Global X Robotics & Artificial Intelligence компаниясының ETF
US37954Y7159 ("KASE Global” сектор ы, BOTZ_KZ).
Өтімділіктің бірінші, екінші, үшінші санатындағы бағалы қағаздардың 2025
жылдың сәуіріндегі тізімі
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_apr.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Өтімділіктің бірінші, екінші, үшінші санатындағы бағалы қағаздардың 2025
жылдың наурызындағы тізімі
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_mar.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланған:
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2025-04-01]