02 сәуірден бастап KASE-де SALESFORCE.COM Inc компаниясының US79466L3024 (CRM_KZ) және AT&T Inc. компаниясының US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

01.04.25 14:45
/KASE, 01.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 02 сәуірден бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды, олар бойынша есеп айырысу күні 2025 жылғы 10 сәуір және одан кейінгі күндер болады: - US79466L3024 ("KASE Global” секторы, CRM_KZ) SALESFORCE.COM Inc; - US00206R1023 ("KASE Global” секторы, T_KZ). Сауда-саттық KASE-де 2025 жылғы 10 сәуірде көрсетілген акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің «Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері» атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылғы 14 сәуірден бастап қайта басталады. [2025-04-01]