02 сәуірден Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады
01.04.25 14:50
/KASE, 01.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 сәуірiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде
жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп
айырысу күні 2025 жылдың 01 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін
iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 ("KASE Global" секторы,
TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 01 мамырында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-04-01]