Қазақстан Қаржы министрлігі 01 сәуірде Қазақстан қор биржасында өтеуге орташа сараланған жылдық 14,60% кірістілікпен KZKD00001285 (MUM084_0020) МЕУКАМ орналастырып, 23,2 млрд теңге алды

03.04.25 17:44
/KASE, 03.04.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 01 сәуірде Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001285 (MUM084_0020) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың 2025 жылғы 03 сәуірдегі дерегіне сәйкес облигацияларды орналастыру жөніндегі мәмімелер орындалған, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 23 205 459 611,9 теңге болды. KASE-нің “Қазақстан Қаржы министрлігі 01 сәуірде Қазақстан қор биржасында өтеуге орташа сараланған жылдық 14,60% кірістілікпен 23,0 млн МЕУКАМ KZKD00001285 (MUM084_0020) орналастырды” деген жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/information/news/show/1539996 [2025-04-03]