10 сәуірден бастап Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізіледі

04.04.25 15:55
/KASE, 04.04.25/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2025 жылғы 03 сәуірдегі шешімімен 2025 жылғы 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін KASE "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) ішкі құжатына № 1 өзгеріс (өзгерістер) бекітілді. Өзгерістер KASE индексінің өкілдік тізіміне акцияларды қосу және орналастыру үшін өтімділік критерийлерін өзгерту мақсатында енгізілді және мыналарды белгілейді: - акцияларды KASE индексінің өкілдік тізіміне енгізу үшін енгізу жоспарланған күннің алдындағы 12 айдың әрқайсысында осы акциялармен сауда-саттық көлемі кемінде 70 млн теңгені (бұрын - алты айдың әрқайсысында кемінде 40 млн теңгені) құрауы тиіс; - KASE индексінің өкілдік тізімінде акциялардың болуы үшін KASE индексінің өкілдік тізімі өзгерген күннің алдындағы алты айдың кез келген төрт айының әрқайсысында осы акциялармен сауда-саттықтың ең аз көлемі кемінде 70 млн теңгені (бұрын - 20 млн теңге) құрауы тиіс. Бұдан басқа, KASE индексiнiң өкiлдiк тiзiмiне енгiзiлген немесе енгiзу жоспарланып отырған акциялар эмитенттерiнiң қаржылық тұрақтылығын талдау мақсатында KASE эмитенттер ақпаратты ашу жөнiндегi талаптар шеңберiнде ұсынатыннан басқа ресми көздерден алынған кез келген ақпаратты пайдаланатыны. Әдістеменің жаңартылған мәтіні https://kase.kz/ru/information/rules сілтемесі бойынша KASE интернет-ресурсында ("Өзге құжаттар" – "Әдістеме" парақшасы) жарияланады. [2025-04-04]