08 сәуірден бастап Еуразия даму банкінің KZ2D00013620 (EABRb53) облигациялары Т+ тізіміне енгізіледі

04.04.25 15:58
/KACC, 04.04.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылғы 08 сәуірден бастап орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т + тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00013620 облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb53) енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне қосу тәртібі https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша КАСС интернет-ресурсында жарияланған. [2025-04-04]