/KASE, 07.04.25/ – 07 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында төмендегі
жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады:
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларына, коды – HSBK-3.26,
айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акцияларына, коды – KZAP-3.26,
айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
- KASE индексіне, коды – KX-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы
19 наурыз;
- АҚШ долларының теңгеге бағамы, коды – US-3.26, айналыстағы соңғы
күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
- Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-5.25, айналыстағы соңғы
күн – 2025 жылғы 15 мамыр;
- Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-3.26, айналыстағы соңғы
күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
- SPDR S&P 500 ETF TRUST, коды – US_SPY_-3.26, айналыстағы соңғы
күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
- SPDR Gold Shares ETF, коды – US_GLD_-3.26, айналыстағы соңғы күн –
2026 жылғы 19 наурыз;
- Nasdaq-100 Index ETF, коды – QQQ_KZ-3.26, айналыстағы соңғы күн –
2026 жылғы 19 наурыз;
- SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, коды – US_BIL_-3.26,
айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз.
KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де
жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы
сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Астана қаласы уақытымен 20:30-
дан 21:00-ге дейін жүргізілетінін еске салады.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа тізімі KASE
интернет-ресурсында
http://kase.kz/ru/clearing/members/ сілтемесі бойынша
жарияланған KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары
қатыса алады.
KASE-дегі фьючерстермен сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша
жарияланады:
http://kase.kz/ru/futures/
KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар
http://kase.kz/ru/kase_rules/ сілтемесі бойынша жарияланды ("Сауда-саттық"
– "Деривативтер"қойындысы).
[2025-04-07]