07 cәуірден бастап KASE айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ-тың KZ2C00008506 (PRKRb8) облигацияларын KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілетті тізімінен шығарды

07.04.25 14:00
/KASE, 07.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 07 сәуірінен бастап айналым мерзімінің аяқталуына компания байланысты "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ-тың KZ2C00008506 (PRKRb8) облигацияларын (KASE_BM* сериясы) негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларын есептеу үшін өкілетті тізімнен шығарды. 2025 жылғы 07 сәуірден бастап KASE_BM* сериясындағы индикаторлардың өкілетті тізімінде 64 атаудағы облигациялар болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бағаларының индексі, ол жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы баға ("таза" баға) бойынша есептеледі. KASE бұл индикаторларды корпоративтік облигациялармен жасалған сауда- саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеме мәтіні мына сілтеме бойынша KASE-нің интернет-сайтында жарияланған: http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2025-04-07]