08 сәуiрден бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
07.04.25 15:41
/KASE, 07.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 сәуiрiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
23 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Airbus (Нидерланд)
NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен
бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 23 сәуірінде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2025 жылдың 25 сәуірінен
бастап қайта басталады.
[2025-04-07]