07 сәуірден бастап "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың XS3032932645, US48129VAD82 (BRKZe18) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосылды

07.04.25 18:06
/KASE, 07.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылғы 18 наурыздағы шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-тың (Астана) XS3032932645, US48129VAD82 халықаралық облигациялары ($500,0 млн. 07.04.25 - 07.04.30, жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 5,625%; 30/360) негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне қосылды. Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 07 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады. Облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда коды) BRKZe18. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/BRKZe18 сілтемесі бойынша интернет- ресурста жарияланған. [2025-04-07]