/KASE, 08.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 09 сәуірден
бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың KZ2C00012995
(KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb19; 1 000 теңге,
100,0 млрд теңге; 07.04.25 – 07.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 17,00%;
30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын
белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза”
бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb19 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-04-08]