/KASE, 09.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 09 сәуірден
бастап айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Қазақстан орнықтылық
қоры” АҚ-тың KZ2C00006476 (BASPb7) облигацияларын негізгі алаңның
корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін
өкілетті тізімнен (сериясы KASE_BM*) шығарды (09 сәуір – өтеу кезіндегі
бекіту күні).
2025 жылғы 09 сәуірден бастап KASE_BM* сериясындағы индикаторлардың
өкілетті тізімінде 63 атаудағы облигациялар болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бағаларының индексі, ол
жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы баға
("таза" баға) бойынша есептеледі.
KASE бұл индикаторларды корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-
саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеме мәтіні мына сілтеме бойынша KASE-нің интернет-сайтында
жарияланған:
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-04-09]