Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың 7,5 млн дана KZ2C00012037 (KFUSb77) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

10.04.25 08:55
/KASE, 10.04.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде төменде көрсетілген талаптармен “Қазақстанның орнықтылық қоры” АҚ-тың (Астана) KZ2C00012037 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар” санаты, KFUSb77) облигацияларын бойынша мамандандырылған сауда-саттық (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00012037 KASE сауда-саттық коды: KFUSb77 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 25 000 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): 979 220 000 Айналыс баталған күн: 03.04.25 Айналыста болатын соңғы күн: 02.04.26 Өтеу басталатын күн: 03.04.26 Айналыс мерзімі: 360 күн Купондық мөлшерлеме: жылдық 12,50% Купон төленетін кезең: жылына 1 рет Купон төлеу басталатын күн: 03.04.26 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------- ---------------------------------- Сауда-саттық өткізілетін күн: 10.04.25 Өтеуге дейінгі мерзім: 353 күн Орналастырудың жарияланған көлемі, 7 500 000 000 теңге: Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: “таза” баға Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–12:00 Өтінім расталатын уақыт: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем жасалатын күн және уақыт: 10.04.25, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесімді бағаға тең немесе сатушы шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру үшін ұтымдырақ болатын тәсілі: қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша Берілген кезегіне байланысты қарсылама өтінімдерді қабылдау шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша тәсілі: Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance” АҚ ------------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде үтірден кейінгі төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған пайызды есепке ала отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс. Сауда көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеу үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі https://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/KFUSb77 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-04-10]