АНОНС: 15 СӘУІРДЕ KASE "КСЕЛЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

10.04.25 15:03
/KASE, 10.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 сәуірінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Кселл" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды. Кездесудің тақырыбы "2024 жылдың IV тоқсаны мен 12 айындағы қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласының уақытымен сағат 11:00. Іс-шара спикерлері: - Сабиғат Рахметов, "Кселл" АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі; - Қазбек Шайымов, "Кселл" АҚ Бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет https://us06web.zoom.us/meeting/register/rAvK4qySQiiROhx3STB5Sw#/registration [2025-04-10]