14 сәуірден Қазақстан қор биржасында iShares Global Clean Energy ETF US4642882249 (ICLN_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады

11.04.25 15:51
/KASE, 11.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 сәуірiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 16 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін iShares Global Clean Energy ETF US4642882249 ("KASE Global" секторы, ICLN_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 16 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 18 маусымынан басталады. [2025-04-11]