"Қазақтелеком" АҚ 2024 жылдағы қызметінің қорытындысын хабарлады

11.04.25 18:13
/KASE, 11.04.25/ – "Қазақтелеком" АҚ (KASE тикері – KZTK) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы Жедел цифрландыру және телеком-инфрақұрылымға сұраныстың артуы жағдайында "Қазақтелеком" компаниялар тобы тұрақты өсу серпінін және өз сервистерін жүйелі жаңғыртып жатқанын көрсетуде. Қазақстан қор биржасының алаңында өткен дәстүрлі "Эмитент күнінде" "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арнұр Нұрқатов компания қызметінің 2024 жылғы негізгі нәтижелерін ұсынып, болашаққа басымдықтарды белгіледі. Оның айтуынша, күрделі шығындардың өсуі мен өршіл жобалардың жүзеге асырылуына қарамастан, топ тұрақты қаржылық тұғырын сақтай алды. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша еншілес мобильді операторы – "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ның (бұдан әрі – "МТ-С") нәтижелерін ескере отырып, топтың жиынтық табысы 2023 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға ұлғайып, 744 млрд теңгені құрады. EBITDA басқарушылық есептілік деректеріне сәйкес 309 млрд теңгеге жетіп, 3,7%- ға өскенін көрсетті. "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің 100% үлесін сату бойынша мәміле 2025 жылдың қаңтарында аяқталды. Осыған қарамастан, компания 2024 жылдың соңына дейін операторды толықтай өз бақылауында ұстады. Сондықтан Топтың қаржылық көрсеткіштерінің динамикасын салыстырмалы түрде көрсету үшін 2024 жылғы "МТ-С" қызметінің нәтижелерін ескере отырып, кірістілік көрсеткіштерін талдаймыз, олар біздің аудиттелген қаржылық есептілігімізде тоқтатылған қызмет құрамында көрсетіледі. Егер қызмет туралы айтатын болсақ, топтың табысы 2024 жылы 494,6 миллиард теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға немесе 21,9 миллиард теңгеге артық. 2024 жылғы таза пайда 77,2 миллиард теңге деңгейінде қалыптасты", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арнұр Нұрқатов. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_110425_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_110425_2.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_110425_en.pdf [2025-04-11]