"Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00009277 (MFBLb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
14.04.25 09:30
/KASE, 14.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 сәуірінен
бастап "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00009277 (KASE баламалы
алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге;
14.04.23 – 14.04.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық
2023 жылдың 24 шілдесінен бастап ашылды.
[2025-04-14]