/KASE, 14.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 10 сәуірінде "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы
ұйымы" АҚ (Алматы) келесі облигациялары негізгі алаңының
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00013761 (MFKMb6; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталады;30/360);
2) KZ2C00013779 (MFKMb7; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFKM
[2025-04-14]