16 сәуірде KASE 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді
14.04.25 12:03
/KASE, 14.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 сәуірінде
сағат 11:00-де 2025 жылдың бірінші тоқсандағы қазақстандық биржалық
нарық жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы
өтетінін хабарлайды, оның барысында KASE және KASE Клиринг
орталығының (KACC) қызметі, KASE жобаларын іске асыру, сондай-ақ KASE
жобаларын іске асыру, есепті кезеңдегі биржалық нарықтың трендтері
туралы ақпарат ұсынылады.
Іс-шара спикерлері:
- Дана Аманжолова, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Наталья Хорошевская, KASE Клиринг орталығының Басқарма Төрайымы.
Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz поштасы
арқылы аккредиттеуден өтуі қажет.
Аталған іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers"
көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1 қабат, KASE баспасөз
бөлмесі мекен-жайы бойынша өткізіледі. Тіркелген мүшелерге Zoom-ға
сілтеме (шақыру) жіберіледі.
KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ақпараттық
саясатының ашықтық пен айқындықтың бір бөлігі болып табылады.
[2025-04-14]