15 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012268 (BTRKb20) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

14.04.25 15:18
/KASE, 14.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 сәуірінен бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00012268 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb20; 1 000 теңге, 50,1 млрд теңге; 10.04.25-10.04.26; жартыжылдық купон, жылдық 16,70%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb20 [2025-04-14]