/KASE, 14.04.25/ – "Самұрық-Энерго" АҚ (KASE тикері – SNRG)
2025 жылдың 10 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2024 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2024 жылдағы 112 507 839 000 теңге мөлшеріндегі таза
табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- 20 565 918 148,72 теңге компанияның жалғыз акционеріне
дивидендтер төлеуге жіберілсін;
- 91 941 920 851,28 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын;
- 2024 жылға дивиденд мөлшері компанияның бір жай акциясына
есептегенде 2 958,16 теңге мөлшерінде бекітілсін.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_decision_sole_100425_855.pdf
[2025-04-14]