Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00011012 (EABRb51) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
15.04.25 09:38
/KASE, 15.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 15 сәуірден
бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00011012 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары” секторы, EABRb51; 1 000 теңге, 50,0 млрд
теңге; 16.04.24 – 15.04.25; actual/365) дисконттық облигацияларының
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылғанын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялар 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап KASE ресми
тізімінің “халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары” секторына
қосылған. Олар бойынша сауда-саттық 2024 жылғы 18 сәуірден бастап
ашылған.
[2025-04-15]