15 сәуірден бастап "Онлайн ҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ KZ2C00010833 (MFOKb27) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

15.04.25 18:00
/KASE, 15.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 11 сәуірінде "Онлайн ҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00010833 (MFOKb27; $100; $20,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 15 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFOKb27 [2025-04-15]