Әбу-Даби Әмірлігінің XS2125308085 (AE_03_2504) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.04.25 09:10
/KASE, 16.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 сәуірінен бастап Әбу-Даби Әмірлігінің XS2125308085 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AE_03_2504; $3 000,0 млн; 16.04.20 – 16.04.25; жартыжылдық купон, жылдық 2,50 %; actual/actual) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2024 жылдың 19 маусымынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2024 жылдың 25 маусымынан бастап ашылды. [2025-04-16]