KASE биржалық нарықтың 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысын қорытындылады

16.04.25 17:07
/KASE, 16.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2025 жылдың үш айында 83,5 трлн теңгені құрады және 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты 10,1 %-ға немесе 9,4 трлн теңгеге төмендеді. - KASE Индексінің мәні 1,4 %-ға 5 658,74 тармаөққа дейін өсті. - Акциялар нарығын капиталдандыру 3,4 %-ға 31,8 трлн теңгеге дейін, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі – 0,2 %-ға 13,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. - 2025 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 772 атаудағы 262 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және деривативтер нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс- шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/uploads/16_04_2025_Itogi_1_kaz_d405193a2a.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/uploads/16_04_2025_Itogi_1_ru_132f341d3a.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/uploads/16_04_2025_Itogi_1_eng_70aa29cdee.pdf [2025-04-16]