/KASE, 16.04.25/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан
әрі – Биржа) атқарушы орган – Биржа Басқармасының орналасқан
мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A15G7M6, Алматы қ., Байзақов көш,
280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат,
өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар
туралы" заңының (бұдан әрі – Заң) 35 бабы 1 тармағына, 37 бабының
3 тармағы 3) тармақшасына және 41 бабына сәйкес, Биржаның
Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылатын (2025 жылдың
11 сәуіріндегі № 10 отырыс хаттамасы), Биржа акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс 2025 жылдың 29 мамырында сағат 10.00-де (Астана қаласының
уақытымен) Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункциялы
кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекенжайы бойынша келесі күн
тәртібімсен өтеді:
1."Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2."Қазақстан қор биржасы" АҚ есеп комиссиясының сандық құрамы мен
өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау туралы.
3.2024 жылдағы "Қазақстан қор биржасы" АҚ қызметі туралы есепті қарау
туралы.
4."Қазақстан қор биржасы" АҚ 2024 жылға орнықты даму туралы есебін
қарау туралы.
5."Қазақстан қор биржасы" АҚ 2024 жылға жылдық аудиттелген қаржылық
есептілігін бекіту туралы.
6."Қазақстан қор биржасы" АҚ Дивидендтік саясатына № 2 өзгертулерді
бекіту туралы.
7."Қазақстан қор биржасы" АҚ 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін
бекіту, "Қазақстан қор биржасы" АҚ жай акциялары бойынша
дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және "Қазақстан қор
биржасы" АҚ бір жай акциясы есебінен дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
8."Қазақстан қор биржасы" АҚ 2025 жылға жылдық қаржылық есептілігіне
аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
9."Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және
Басқарма мүшелерінің 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы
туралы ақпаратты қарау туралы.
10."Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің
2024 жылға арналған сыйақысы туралы.
11."Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының
шешіміне "Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік
мерзімін анықтау, "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің
мүшелерін сайлау" мәселесі бойынша өзгеріс енгізу туралы.
12."Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін, тәуелсіз
директорларын сайлау туралы.
13.Биржаның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.
14.Биржа Жарғысына № 8 өзгертулерді бекіту туралы.
15.Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 5 өзгертулер мен
толықтыруларды бекіту туралы.
16."Қазақстан қор биржасы" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-
әрекеттеріне акционерлердің шағымдарын қарау және оларды қарау
қорытындылары туралы.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2025 жылдың 29 мамырында жиналыс
өткізілетін орын бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге
асырылады.
Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 2025 жылдың 30 мамырында
сағат 10:00-ден бастап сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайта жиналысқа
қатысушыларды тіркеу 2025 жылдың 30 мамырында оны өткізу орны
бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылдың
15 мамырында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-
ресурсында қолжетімді:
-
https://kase.kz/uploads/meeting_290525_kaz_2b36389693.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/uploads/meeting_290525_33d3c78e13.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/uploads/meeting_290525_eng_28520d6d25.pdf – ағылшын
тілінде.
[2025-04-16]