17 сәуірден бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының төрт шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

17.04.25 17:20
/KASE, 17.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 17 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигациялары енгізілді: 1) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002137 (1 000 теңге, 11 846 608 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды– DZK024_213; 2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111 (1 000 теңге, 11 335 671 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды– KSK024_211; 3) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002129 (1 000 теңге, 2 900 555 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 % ;30/360), сауда-саттық коды– ZKK024_212; 4) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000168 (1 000 теңге, 21 269 081 000,00 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360), сауда-саттық коды– SHK022_016. Аталған облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/ [2025-04-17]