18 сәуірде Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының төрт шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

17.04.25 17:33
/KASE, 17.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды: 1) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002137 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, DZK024_213; 1 000 теңге, 11 846 608 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2 973 304 данасы; 2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KSK024_211; 1 000 теңге, 11 335 671 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2 833 900 данасы; 3) Батыс-қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002129 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, ZKK024_212, 1 000 теңге, 2 900 555 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 450 278 данасы; 4) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000168 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, SHK022_016; 1 000 теңге, 21 269 081 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, 4,25 % годовых; 30/360) 21 269 081 данасыа. Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/membership Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/gsecs/ [2025-04-17]