"ҚазТрансОйл" АҚ-тың Директорлар кеңесі 2024 жылға арналған дивидендтер мөлшерін ұсынды

18.04.25 13:06
/KASE, 18.04.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегіні хабарлады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың Директорлар кеңесі "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41,6 млрд теңге көлемінде түскен таза табыстың 33,08 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жұмсауды ұсынды. Таза табыстың 8,5 млрд теңге көлеміндегі қалған бөлігін бөлмеуді және "ҚазТрансОйл" АҚ-иелігінде қалдыруға кеңес берді. Бір қарапайым акцияға есептегенде 2024 жылға арналған дивиденд мөлшері 86 теңге деңгейінде болуын қарастыруды алға тартуда. 2024 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібі және "ҚазТрансОйл" АҚ-тың бір қарапайым акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері 2025 жылғы 22 мамырдағы "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында бекітілетін болады. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180425_kz.pdf Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180425_1.pdf Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180425_en.pdf [2025-04-18]