21 сәуірден бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013832 (ORBSb5) облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

21.04.25 11:27
/KASE, 21.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013832 (ORBSb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон; орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады 30/360)) облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ORBSb5 [2025-04-21]