Биржалық симулятор: 01-18 сәуір аралығында сауда-саттық көлемі 24,3 млрд теңгеге жетті

21.04.25 15:13
/KASE, 21.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" оқу байқауын өткізеді. Алғашқы үш аптаның қорытындысы бойынша (01-18 сәуір аралығында) сауда-саттық көлемі 24 277,3 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 1 734,0 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі тиісінше 1 443 мәмілені және 5 221,0 млн теңгені құрады. Төменде 2025 жылдың 01-18 сәуірі аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- HSBK 2 889 6 803,3 CCBN 1 782 4 682,6 BAST 656 2 462,8 KMGZ 1 050 2 296,9 KSPI 817 1 746,0 KZTK 689 1 603,7 KCEL 652 1 139,5 AIRA 566 858,4 FHJIds 284 761,7 KZAP 482 715,3 KZTO 397 497,5 KEGC 225 280,7 ASBN 306 243,9 KMGD 187 172,3 IE_FXBF 96 12,8 ----------------- --------- --------- Барлығы 11 078 24 277,3 ------------------------------------- Қазіргі уақытта конкурсқа қатысу үшін 7 587 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2025.pdf [2025-04-21]