/KASE, 22.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
24 сәуірде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00000972 (MUM216_0001) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 30 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 68,9234 % (кірістілік – жылдық 14,13 %) деңгейінде
белгіледі.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 сәуірде болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 11,3 жыл МЕУКАМ KZKD00000972 (MUM216_0001)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1541226
[2025-04-22]