"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Маңғыстау облысындағы "Болашақ" учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғаны туралы хабарлады

22.04.25 17:25
/KASE, 22.04.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) "Қазақстан қор биржасы" АҚ бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашыларының ақпаратты ашу қағидаларының 1 қосымшасының 2 кестесінің 13 тармағына және Астана халықаралық биржасының ақпаратты ашу қағидаларының 1 кестесінің 4.3 тармағына сәйкес, 2025 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, ҚМГ ҰК және "Bolashak Operating" ЖШС арасында Маңғыстау облысында орналасқан "Болашақ" жер қойнауы учаскесінде кешенді жобаны жүзеге асыруға арналған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың № 1 Қосымшасына (Бұдан әрі – № 1 Қосымша) қол қойылғаны туралы хабарлайды. Аталған №1 Қосымшасы аясында "Болашақ" жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі келісімшарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді "Bolashak Operating" ЖШС-не беру туралы өзгерістер көзделген. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_210425_kz.pdf Орыс тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_contracts_minerals_140425_3281.pdf Ағылшын тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_210425_en.pdf [2025-04-22]