23 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
23.04.25 09:23
/KASE, 23.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 сәуірінен
бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20)
халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла
тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың
24 сәуірінде шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген
облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын кері сатып алуды өткізуге
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-04-23]