"Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00011117 (ORBSb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
24.04.25 09:30
/KASE, 24.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 сәуірінен
бастап "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00011117 (KASE баламалы
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, ORBSb2; 1 000 теңге,
1,5 млрд теңге; 24.04.24 – 24.04.25; ай сайынғы купон, жылдық 20,50 %;
30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 18 сәуірінен бастап баламалы
алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 сәуірінен бастап
ашылды.
[2025-04-24]