22 сәуірден бастап Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелеріне және Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізілді

24.04.25 14:12
/KASE, 24.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 22 сәуіріндегі шешімімен бекітілген: - Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелеріне № 4 өзгертулер мен толықтырулар; - Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелеріне № 3 өзгертулер мен толықтырулар. Аталған түзетулер 2025 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Түзетулер бағалы қағаздарға жазылу және жария ұсыну әдісімен сауда- саттықты өткізу кезінде өтінімдерді бірыңғай шектеліммен қамтамасыз ету және жоғарыда аталған сауда-саттық әдістері бойынша процестерді оңтайландыру мүмкіндігін көздеу мақсатында енгізілді. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелерінін және Бағалы қағаздарды жария ұсынуды жүргізу ережелерінің жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланатын болады https://kase.kz/ru/information/rules ("Торги" қалташасы – "Бағалы қағаздар"). [2025-04-24]