/KASE, 25.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірінен
бастап "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00013568 (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb6; $100, $20,0 млн; 360 күн;
жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін, баға белгілеу валютасы – АҚШ
долларына дейін белгіленген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/NCOMb6
[2025-04-25]