28 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
25.04.25 16:24
/KASE, 25.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
27 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ)
US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-
саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 27 мамырында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 29 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2025-04-25]