28 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America
Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
25.04.25 16:29
/KASE, 25.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
06 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America
Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 06 маусымында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың
09 маусымынан бастап қайта басталады.
[2025-04-25]