28 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды

28.04.25 09:35
/KASE, 28.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірінен бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды. Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 23 сәуірінен бастап тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұрын 2025 жылғы 23 сәуірдегі "23 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды" тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/information/news/show/1541384 [2025-04-28]