"Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ KZ2C00013753 (KASAb1) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

29.04.25 09:35
/KASE, 29.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік комиссиясы 2025 жылдың 28 сәуірінде "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ (Павлодар) KZ2C00013753 ($1 000, $100,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға KASAb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ қызметінің негізгі түрі – алюминий өндірісі. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-04-29]