/KASE, 29.04.25/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ
(KASE тикері – TPIB) 2025 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық
жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2) 2024 жылға жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
3) қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және
қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау;
4) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы
мәселені қарау;
5) қоғамның акционерлерін қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы
мүшелеріне 2024 жылға сыйақының мөлшері мен құрамы туралы
хабардар ету;
6) қоғамның Директорлар кеңесін қайта сайлау туралы;
7) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы жаңа редакцияда бекіту.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/TPIB/tpib_special_shareholders_meeting_info_290525_283.pdf
[2025-04-29]