"Kaspi Bank" АҚ акционерлері жай және артықшылықты акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

29.04.25 10:59
/KASE, 29.04.25/ – "Kaspi Bank" АҚ (KASE тикері – CSBN) 2025 жылдың 28 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - Банктің 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2024 жылы банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 2 000 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жүзеге асыру, дивидендтер төлеудің басталу күні – 2025 жылдың 28 сәуірі. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_280425_1.pdf [2025-04-29]